Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы Абайдың тойын дүркіретіп атап өтті

Мәдениет
Алматы Абайдың тойын дүркіретіп атап өтті

Бүгін, 10 тамыз күні Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті.

Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, 5000-нан астам қатысушы жинады. Салтанатты жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық және мәдени ұйымдар мен жастар қатысты.

Қатысушылар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» атты Абайдың аңызға айналған шығармаларын «Отырар сазы» оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен орындады.

Айта кетейік, Алматыда Абайдың мерейтойына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады: театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ,спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар қаланың барлық ауданында өтеді.

 

Фото: Алматы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу