17 желтоқсан күні сағат 7:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау кезінде «Эйр Астана» АҚ пайдалануындағы Airbus A321N (EI-KDG) әуе кемесінде авиациялық оқиға орын алды.
«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығының мәліметінше, әуе кемесінің салонында түтіннің пайда болуына байланысты экипаж MAYDAY апаттық дабылын жариялаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
- Әуе кемесі сағат 7:40-та қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері жедел түрде жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр, - деп жазды Азаматтық авиация комитетінен.