Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулері 2026 жылғы 22 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:26-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Ала-Тоо жотасы маңында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.