Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында мыңдаған үй көгілдір отынсыз қалды

Оқиға
Алматы облысында мыңдаған үй көгілдір отынсыз қалды

Алматы облысы, Жамбыл 2 ауылына барар жолда жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде диаметрі 219 мм орташа қысымды газ құбыры зақымданды, деп хабарлайды Malim.kz

Қарасай ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға Керімбеков көшесінде болған. Осыған байланысты Жамбыл 2 ауылының 3000 абонентіне, Ұлан ауылының бір бөлігіне және 19 км аумағына газ беру тоқтатылған.

Оқиға орнында «АлматыГазсервисХолдинг» ЖШС мен жергілікті атқарушы органның мамандары жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілу үстінде, деп жазды әкімдік.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу