freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып кетті

Қоғам
Алматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып кетті
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Балқаш ауданында аудандық полиция бөлімі бастығы орынбасарының қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы жағдай 16 мамыр күні Қонаев – Бақанас автожолының 84-шақырымында болған.

Қызметтік Hyundai Elantra көлігін басқарған полиция қызметкері оқиға кезінде жұбайымен бірге болған. Алдын ала деректер бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, әйел адам жол үстінде отырған сәтте жүргізуші оны байқамай қалып, қағып кеткен. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына полиция мен прокуратура қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы барған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қызметтік көліктің жол парағы негізінде пайдаланылғаны анықталған.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу