Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында теннис корты өртенді

Оқиға
Алматы облысында теннис корты өртенді

Алматы облысында ТЖМ қызметкерлері теннис клубының аумағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданының Бесағаш ауылында жеке теннис клубының аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған каркасты құрылыс, теннис кортының жабыны мен үрлемелі күмбез жанған.

Өрт сөндірушілер келген кезде өрт ашық жанып, көрші үйге және жақын орналасқан теннис кортына таралу қаупі болды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер жанында тұрған теннис корты мен жеке тұрғын үйді өрттен қорғап қалды, деп жазды ТЖМ.

Жалпы ауданы мың шаршы метрден астам алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу