Алматы облысында 24 сәуірден бері іздеуде болған 14 жастағы қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мәліметке сәйкес, жасөспірім 24 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданындағы үйінен шығып кетіп, сол уақыттан бері іздестірілген.
Қазіргі уақытта оның қандай жағдайда табылғаны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.