freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы және Астанада мемлекетке қайтарылған активтер саудаға шығарылады

Экономика •
Алматы және Астанада мемлекетке қайтарылған активтер саудаға шығарылады

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 10, 11 және 12 желтоқсанда сауда-саттықтар өтетін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Компания таратқан хабарламаға қарағанда, сауда e-qazyna веб-порталында аукцион арқылы электронды түрде өтеді. Ал саудаға мынадай активтер шығарылады:

• 10 желтоқсан: Алматы қаласындағы өндірістік база.

• 11 желтоқсан: Алматы және Астана қалаларындағы жер телімдері, коммерциялық ғимараттар және әкімшілік нысандарды қоса алғанда 7 түрлі актив.

• 12 желтоқсан: «ZHARKENT SU» ЖШС және «ТҰЛПАР» ЖШС-дағы үлестер.

Барлық нысан ашық және бәсекелестік жағдайларда ұсынылады, бұл барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: e-qazyna.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу