Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді үшінші тәулік бойы іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.
«Семак Данил Кириллович, 17.03.2013 ж.т. 7 мамыр күні шамамен сағат 22:00-де Алматы қаласы, Медеу ауданы, Алатау ықшамауданы, “Радуга” БО, Жасыл Желек көшесі, 332 мекенжайынан үйінен шығып кеткен. Бойы 165 см, орташа дене бітімді, шашы қою қоңыр, қысқа, көзі қоңыр. Киімі: жасыл спорттық костюм», – делінген хабарламада.
Жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуы сұралады:
+7 705 105 31 31
+7 701 375 92 91
102