freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда «ALGYS FEST» дүбірледі: 5 мыңнан астам жас референдумды қолдады

Қоғам
Алматыда «ALGYS FEST» дүбірледі: 5 мыңнан астам жас референдумды қолдады
ФОТО: ©Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласындағы «Aport Mall East» сауда-ойын-сауық орталығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылған ауқымды «ALGYS FEST» концерті өтті. Мерекелік шара жай ғана концерт емес, алдағы республикалық референдумды қолдауға бағытталған қуатты қоғамдық перформансқа айналды.

Жұлдызды шеру және патриоттық рух

Кеш барысында еліміздің жұлдыздары өнер көрсетіп, жастардың рухын көтерді. Сахна төрінде Raim, Ерке Есмахан, Kalifarniya, Алашұлы, Алатау серілері және басқа да танымал орындаушылар Алматы жұртшылығына мерекелік көңіл-күй сыйлады. 5 мыңнан астам көрермен жиналған бұл шарада өнерпаздар халықты тек Алғыс айту күнімен ғана емес, ел тарихындағы маңызды саяси кезеңмен де құттықтады.

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Концерт барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының өкілдері сөз алып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндірді.

Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы (Қалалық коалиция мүшесі):

«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған негізгі құжат. Бұл заң еліміздің әрбір азаматына қызмет ететін болады. Алматы қашанда саяси жаңғырудың алдыңғы шебінде келеді, сондықтан 15 наурызда белсенділік танытуымыз керек».

Концерт барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының өкілдері сөз алып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндірді.
ФОТО: ©Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстанның ұйғыр Жастар одағының төрағасы Рустам Абдусаламұлы биыл Алғыс айту күніне 10 жыл толғанын атап өтіп, бұл мерекенің символдық мәніне тоқталды. Ол 30 жыл бойы елге қызмет еткен Ата заңға алғыс айта отырып, уақыт талабына сай жаңарудың қажеттілігін жеткізді.

Референдум – болашаққа жасалған қадам

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық форматтағы іс-шаралар қоғамды маңызды саяси үдерістер төңірегінде біріктіруге көмектеседі. Жиналған қауым Жаңа Конституцияның әрбір азаматтың құқығы мен мүддесін қорғайтын құжат екенін ұғынып, 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Шара соңында барлық қатысушылар алматылықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, ел болашағы үшін таңдау жасауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу