Бүгін таңертең Алматы жұртшылығы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеп.
Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылып, оның үстіне жасыл кілем жабылған. Сахнаға ақынның бір шумақ өлеңі жазылған:
«Біз шыққан тау – шындық тауы,
Барлық таудан биік тау!»
Ақын Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында дүние салды.
Қоштасу рәсіміне жиналған жұрттың қарасы көп.
20 сәуір күні Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жиынға көптеген жазушы, қоғам қайраткерлері жиналған. Сондай-ақ, көрші елдердің де ақын-жазушылары келген. Театр толы адам, ақынмен қоштасуға келіп жатқан адам қарасы көп. Залда қаралы музыка ойнап тұр. Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, үзеңгі жолдастары келген. Ақынға әнші Димаш Құдайберген де келіп, тағзым етті.
Қоштасуға келгендер арасында қарапайым жұртпен қатар жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлер бар.
Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өзінің шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе Желтоқсан оқиғасының шындығын батыл көтерген қаламгер ретінде тарихта қалды.
Азалы жиында ақынның жерлеу рәсімі Түркістан облысындағы «Қоғам» ауылдық зиратында болатынын хабарлады.