Алматы қаласында алдағы күндері ауа райы күрт өзгеріп, жылы көрсеткіштерден қар жаууы мен айтарлықтай суыққа ауысуы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Мәліметке сәйкес:
7 желтоқсан – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде -1…-3°, күндіз +4…+6°.
8 желтоқсан – ауыспалы бұлтты, кей жерлерде әлсіз жауын-шашын (негізінен қар немесе қар аралас мұзды түйіршік). Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде -2…-4°, күндіз +2…+4°.
9 желтоқсан – негізінен бұлтты, айтарлықтай жауын-шашын жоқ (жекелеген аудандарда әлсіз қар). Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде -8…-10°, күндіз 0…+2°.
10 желтоқсан – бұлтты, қар, кей жерлерде орташа. Аяз күшейеді. Жел солтүстіктен 3–8 м/с. Түнде және күндіз -7…-9°, түнде -18…-21° дейін суытады.
11 желтоқсаннан бастап – жауын-шашынсыз, тұрақты аяз. Түнде -10…-12°, күндіз -4…-6°.
Қала билігі тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.