freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда куәлігі жоқ 19 жастағы Mercedes жүргізушісі 5 тәулікке қамалды

Қоғам
Алматыда куәлігі жоқ 19 жастағы Mercedes жүргізушісі 5 тәулікке қамалды
Фото: pixabay

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 19 жастағы Mercedes жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жарияланған бейнежазбаны мониторингтеу барысында анықталған. Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оның көлік жүргізу куәлігі жоқ екенін белгілі етті.

Жас жігіт көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті қасақана бұзып, өз әрекетін көпшілікке әдейі көрсеткені үшін сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерде жарияланған заңға қайшы әрекеттер бейнеленген материалдар міндетті түрде тексерілетінін және құқық бұзушылардың барлығы заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу