Бүгін таңертең Алматыдағы жеке мектептердің бірінің қасындағы көлік ішінен адамның мәйіті табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"Көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек ауруы себеп болған", - дейді полиция өкілдері.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: gOV.KZ