Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

Құқық
Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, деп хабарлайды Malimkz. 

Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ, әр түрлі ұялы байланыс операторының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. 

Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу