freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда тәртіп бұзған шетел жасөспірімдері елден шығарылды

Қоғам
Алматыда тәртіп бұзған шетел жасөспірімдері елден шығарылды
Фото: видеодан кадр

Алматы қаласының Полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп бұзған шетел азаматтарының елден мәжбүрлі түрде шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот оларды Қазақстан Республикасына қайта кіруге тыйым сала отырып, елден шығару туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қала орталығында бір топ кәмелетке толмағандардың агрессивті әрекет жасағаны түсірілген видеолар тараған болатын — олар өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, заттарын тартып алған.

Алматы тұрғындарының Threads желісіндегі шағымдары полицияның назарын аударды.

«Алматыда сот шешімімен қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталған шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сот елге кіруге тыйым сала отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Алматы ПД.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу арқылы жасөспірімдердің жеке тұлғаларын жедел анықтап, оларды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Балалардың заңды өкілдері ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу