Алматының Бостандық ауданында тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Оқиға орнына жедел қызмет мамандары дереу жеткен.
Полиция жариялаған бейнежазбаға қарағанда, жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Тергеу бұл жайттың оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін марқұмның өмір салтын, араласқан ортасын және болған жайттың толық көрінісін қалпына келтіруге көмектесетін өзге де материалдарды зерттеп жатыр.