freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Амал нешік? Мәңгілік ешкім жоқ": Әнші Нұрлан Албан марқұм анасын еске алып, елді жылатты (ВИДЕО)

Қоғам
"Амал нешік? Мәңгілік ешкім жоқ": Әнші Нұрлан Албан марқұм анасын еске алып, елді жылатты (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Нұрлан Албан

Белгілі әнші Нұрлан Албан марқұм анасын еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, 27 наурыз – анасының туған күні. Осыған орай ол жүрекжарды жазба қалдырып, көпшілікті толқытты.

"Қасиетіңнен айналайын, анашым, қадірлі шешем... Әттең, жанымда әлі де болса, бүгін шешемнің туған күні деп, ағайынның басын қосып, өзің бардағыдай шаңырақ шаттыққа толар еді. Амал нешік? Көп адам сын айтып жатады. Қабірстанда неге суретке түсіп, пост жариялайды дейді. Бұл – ақиқат, шындық. Мәңгілік ешкім жоқ. Мен әке-анасы тірі, жанында жүрген ағайындарға сабақ болсын дегім келеді. Қадірлі бауырлар, егер қасыңызда дәл қазір әкеңіз бен анаңыз болса, бағалаңыз. Қасық қаның қалғанша қызмет жаса, көңілін тап. Өйткені әке мен ана бізге Құдайдың уақытша берген күші, қуаты, берекесі, байлығы. Сіз білесіз бе? Дәл қазір мен үшін дұға жасайтын ешкім жоқ. Қайтарылмайтын дұға менде жоқ. Өйткені бұл кісілер Раббысына кетіп қалды. Әке-шешелеріміз аман болсын. О дүниелік болып кеткендерді Алла тағала мейірім-шапағатына бөлесін", – деді Нұрлан Абан. 

Белгілі әнші Нұрлан Албан – Қазақстандағы танымал эстрада орындаушысы, қоғам қайраткері әрі ұстаз. Ол Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында дүниеге келген. Болашақ өнер иесі Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта білім алды. 1993 жылы Т.Жүргенов атындағы театр институтына оқуға түсіп, шығармашылық жолын кәсіби түрде бастады. Студент кезінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында еңбек етті.

1999 жылы республикалық "Жас қанат" байқауында дипломант атанып, "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді. Бұл жетістік оның өнердегі жолына үлкен серпін берді. 2000 жылы Алматыдағы Студенттер сарайында "Болдым ғашық өзіңе" атты алғашқы жеке концертін өткізді. 2001 жылы "Үркер" этнотобының құрамына қабылданып, осы ұжымда 10 жылға жуық еңбек етті. Осы кезеңде ол қазақ эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырды.

2010 жылы әнші екі бірдей альбом шығарып, тыңдармандарына жаңа туындылар ұсынды. Сонымен қатар "Қарттарым, аман саумысың?" және "Сәлем, Қазақстан!" әндеріне бейнебаян түсірді. Нұрлан Албан тек орындаушы ғана емес, продюсер ретінде де танымал. 2006 жылы ол "Нұрсай" продюсерлік орталығын құрды. 

Нұрлан Албан телевизиялық жобаларға да қатысып жүр. Ол "Қазақстан дауысы" жобасында тәлімгер ретінде өнер көрсетті. Аталған жобаның алғашқы маусымында оның шәкірті Шахаризат Сейдахмет жеңімпаз атанды. Бұл ұстаз бен шәкірт еңбегінің нәтижесі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу