Әкімнің орынбасарына IPhonе керек деген шенеунік сотталды

  • 28.10.2021

Шымкент қаласының әлеуметтік құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Бақыт Қалымбетов әкімнің орынбасарына жаңа IPhonе алып беру керек деген сылтаумен мердігер компания өкілдерінен бір миллион теңге пара сұраған.

2020 жылдың жазында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы мен «A.S.InvestStroi» компаниясының арасында зоологиялық паркті қайта жаңарту бойынша келісім шарт түзілді. Жөндеу жұмыстары үшін компанияға 850 млн теңге төлену керек болатын.

Қаражаттың қай уақытта аударылатынын, нысанды пайдалануға қабылдау туралы құжаттарға қашан қол қойылатынын білу үшін «A.S.InvestStroi» ЖШС-нің өкілі Бейсебаев әлеуметтік құрылыс бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбетовке хабарласты. Соңғысы тиісті құжаттарға қол қойдырып, комиссияның қабылдауына ықпал ету үшін бір айфонның құнын сұрапты.

 «Қалымбетов Бейсебаевқа құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына «iPhone 12 pro» ұялы телефонын сатып алып беру керектігін алдап айтып, бір миллион теңге сұраған. Өзінің сөзі сенімді болу үшін, нысан бойынша тиісті құжаттарға басқарма басшысының қолын қойдыруға және нысанды қабылдауға ықпал жасап беретіндігін айтқан», – деп жазылған Еңбекші аудандық сотының үкімінде.

Бейсебаев бұл ұсынысты өзінің бастығы, компанияның директоры Құдайбергенге жеткізген кезде кәсіпкер ұялы телефонның ақшасын беруге келіскен.

Қалымбетовтың қолына миллион теңге тие салысымен, оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен құрықтады.

Сот талқылауы кезінде Қалымбетовтың бастығы Ахметов қызмкеткеріне «A.S.InvestStroi» ЖШС-нің өкілдерінен құжаттарға қол қойып бергені үшін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына деп «iPhone 12 pro» ұялы телефонын сатып алып беру қажеттігін немесе миллион теңге ақшаны алып келу жөнінде нұсқаулық бермегенін айтты.  

Алаяқтық жасағаны үшін және кәсіпкерді пара беруге азғырғаны үшін сот Қалыбековті 35 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. 

Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

02.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді,

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі