АҚШ солтүстіккореялық хакерді тапқан адамға қомақты сыйақы тағайындады
АҚШ-тың әділет министрлігі солтүстіккереялық Рим Чон Хёкті қатаң айыптап отыр. Тараптың мәліметінше, ол Andariel хакерлік тобының құрамына енген. Ал оны елдің арнайы қызметі тұрақты бақылап, қадағалауға алған.
Канзас-Ситидегі алқабилер сотының қазылар алқасы Солтүстік Корея азаматы Рим Джун Хекке төлем бағдарламаларын қолдана отырып, америкалық ауруханалар мен медициналық мекемелерге шабуыл жасағаны үшін жауапқа тартты. Айыптау барысында Рим Джун Хек пен оның сыбайластары жәбірленушілердің компьютерлік желілеріндегі ақпаратты шифрлап, олардың құлпын ашқаны үшін төлем талап етіп, пациенттермен жұмыс істеуді едәуір қиындата түскен. Тексеру барысында оның әйгілі Andariel хакерлік тобының мүшесі болғаны белгілі болды.
Айыптау қорытындысына байланысты бұл шабуылдардан түскен кірістер Қытай арқылы елдің қорғаныс, технологиялық және үкіметтік секторларына жаңа кибершабуылдарды қаржыландыру үшін пайдаланылатыны айтылды. Andariel хакерлік тобы Аrt 45 және Onyx Sleet ретінде танымал. Бұл топ Солтүстік Кореяның бас барлау бюросының басшылығымен тікелей жұмыс істейді және көптеген атышулы шабуылдарға қатысы бар болса керек.
АҚШ-тың құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Аndariel хакерлерінен бес медициналық қызмет көрсетуші, төрт америкалық қорғаныс мердігер, екі АҚШ әуе күштері базасы және Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) зардап шеккен.
ФТБ (Федералды тергеу бюросы-ред) директорының орынбасары Пол Аббейт «Рим Джонг Хек пен оның сыбайластарының орынсыз және заңсыз әрекеттері жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндірді" деп мәлімдеді.
Әділет министрлігі мен ФТБ бопсалаушылар шабуылына байланысты 600 мың доллардан астам виртуалды валютаны тәркілеп, бұғаттаған. АҚШ мемлекеттік департаменті Рим Чжон Хектің орналасқан жеріне қатысты ақпарат үшін 10 миллион долларға дейінгі сыйақы жариялаған.
2019 жылы АҚШ Солтүстік Кореяның барлау агенттіктері бақылайтын Аndariel-мен бірге тағы екі хакерлік топқа санкция салған болатын. Andariel шетелдік компанияларға, үкіметтік ведомстволарға, жеке корпорацияларға және қорғаныс индустриясына кибершабуылдар жасаумен айналысатыны хабарланған. Ал бұл топ жайлы деректер алғаш рет 2015 жылы анықталған.
Фото: golosameriki.com
Материал "Америка дауысы" материалы негізінде аударылды