Байзақтағы жарылыстан бері ТЖМ қандай шара қабылдады?

  • 22.07.2022

Кез келген оқыс оқиғадан сабақ ала білу керек. Бұл келесі болатын оқиғалардың алдын алуда өте маңызды. «Соғысты болдырмау үшін соғыстық» деген атақты сөз бар, сол сияқты оқыс оқиғамен бетпе бет келу де – қандай да бір саладағы кемшіліктерді анықтау үшін маңызды.

Былтыр тамыз айында Тараздағы Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасында жарылыс болғаны есте. Бүкіл бір ауыл халқы үдере көшіп, үрейге бой алдырды, оны көрген өзге жұрт тағы уайымға батты. Мемлекеттің мұндай төтенше жағдайлар кезіндегі басты міндеті – жедел қимылдап, ең алдымен осы үрейді басу. Халықты тыныштандыру. Тараздағы бұл жарылыстың жұртты елең еткізген тағы бір себебі – одан бұрын Арыста болған қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болды деуге болады. Себебі, айналасы екі жыл ішінде екі қойманың отқа орануы және адам шығыны болуы – қалай айтсаңыз да бұл салаға қатысты сұрақтың аз емес екенін көрсетеді.

Иә, себеппен емес, салдармен күресу ең алдымен жүреді. Одан кейін себебі анықталады, тиісті мекемелер, жауапты орындар жіберген кемшілігін тез арад түзеп қана қоймай, кеткен кемшіліктің орнын толтырумен айналысуға тиіс. Байзақтағы жарылыстан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жарылысқа қатысты бірнеше мәлімдеме жасап, біраз тапсырма да берген. Мұндайда ең басты маңызға ие нәрсе – оқиғаға қатысты атқарылатын алғашқы іс-шаралар. Егер мұндай кезде тиісті орындар сылбыр қимылдаса, апаттың зардабы еселеп артуы мүмкін. Дегенмен, президенттің өзі сол кезде тиісті органдардың жедел қабылдаған шаралары мен іс-қимылына жоғары баға берді.

«Мемлекеттік уәкілетті органдар қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсетудің барлық шараларын қабылдауы қажет. Жұмылдырылған барлық сала мамандарының жанкештілігінің арқасында жағдай бақылауға алынып, одан да көп шығынға жол берілмеді. Құтқарушыларға, дәрігерлерге, полиция, прокуратура және әкімдік қызметкерлеріне алғыс айтамын. Дегенмен өрттің салдары қиынға соқты. Адамдар зардап шекті. Көптеген азамат баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Елді мекендердің инфрақұрылымына зақым келіп, бірқатар ғимараттар қирап қалды. Осыған байланысты шұғыл шаралар қабылданды. Бірақ әлі де көп қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керек», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті міндетін орындаған қызметкерлерге алғыс та айтқан.

Қалай айтсаңызда, болатын апат болды, жарылатын қойма жарылды. Енді, оның салдарын неғұрлым азайту басты міндет. Бұл кезеңде жедел құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің атқарар ролі орасан. Қайнаған жалынның ішіне кіру немесе сол өрттің, жарылыстың астында қалған, ішінен шыға алмай қалған азаматтарды құтқару үшін басын бәйгеге тігетін де осы құтқарушылар. Ол үшін олардың бес қаруы сай болуы тиіс. Әрине, қауіпті, дегенмен, қауіпті деп қарап отыруға тағы болмайды, барынша тәуекелді азайтатын, құтқарушылардың қиын жағдайда қалмауына мүмкіндік беретін құрал-саймандар мен құтқару бригадаларының жеткілікті деңгейде едел-жедел, еркін қимылдауына мүмкіндік беретін техникалық, базалық мүмкіндіктер қарастырылып, бригадалар қай кезде де сақадай сай күйде, барлық жағдайға дайын тұруы тиіс. Осыған орай президент сол кезде мынадай тапсырма айтқан:

«Бірінші. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылсын. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Роман Васильевич Скляр басшылық етсін. Роман Васильевич, сізге қазір жиналыс аяқталған соң Жамбыл өңіріне шұғыл баруды тапсырамын. Жұмыстың басы-қасында болып, барлық шараларды оқиға орнынан ұйымдастырыңыз. Екінші. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдансын. Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі төтенше оқиға салдарынан жарақат алған азаматтарға жан-жақты медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырсын».

Бұл тапсырмалар да дәл сол кезең үшін өте маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, мемлекеттік комиссия құрылған соң, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің айналысатын негізгі мәселесі - оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау, ол үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізу екені түсінікті. Және Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау да апаттан соңғы ең алдымен қолға алынған шаруалар. Осы шаруалардың нәтижесінде, алдымен төрт, артынша бес адамға өскен адам шығыны орын алған оқиғаның зардаптары қалпына келтірілу басталған. Және кейбір техникалық жетіспеушіліктер қайта қаралып, базалық толықтырулар жүргізілетіні мәлім болған.

Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі атқарылған шаруалар мен орындалған тапсырмалар тізімін жариялады. Оның ішінде ең бастысы апат кезінде жойылған не зардап шеккен материалдық-техникалық құралдарды қалпына келтіру және шығынның орнын толтыруға арнап, арнайы қаражат бөлінген. Нәтижесінде:

«18 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы - 9 автоцистерна, 3 АЛ-32 автосатысы, 1 штабтық автомобиль және 5 жедел автокөлік сатып алынды; 100 бірлік жабдық (тыныс алу аппараттары – 30 бірлік, аппараттарға баллондар – 38 бірлік, жылжымайтын сигнализаторлар - 30 дана, авариялық – құтқару құралы-2 дана) және 100 жабдық жиынтығы (өрт сөндірушілердің жауынгерлік киім-кешегі – 50 жиынтық, жазғы далалық киім - 50 жиынтық) алынған».

Мәлімдемеде осының негізінде «Жамбыл облысы ТЖД материалдық-техникалық жабдықталуы 100% қалпына келтірілгені» жазылған.

100 шақты адам зардап шеккен, оның 11-і әскери қызметкер екені айтылған, 17 адамның өлімі тіркелген бұл оқиға құтқарушылар мен азаматтардың өміріне қауіп төндірмеу тұрғысында атқарылатын шаруаларға негіз болады деп сенеміз.

Байланысты жаналықтар

Ипотека «Наурыз». Чего ждать от «заботливого» правительства

26.04.2024

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024
MalimBlocks
Ипотека «Наурыз». Чего ждать от «заботливого» правительства

С 1 мая правительство обещает гражданам с невысоким доходом новую льготную ипотеку «Наурыз». Попробуем разобраться, поможет ли она казахстанцам.

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года