Кішкене күте тұрайық... Қуантыров Досаевтан озып барады

Данияр Ақышев аузына түкірген министрдің 5 айдағы жетістігі: Ерболат Досаевты басып озу және Роман Склярды қайталау

Алмас НҮСІП

  • 14.06.2022
Коллаж: Е.Досаев пен Ә.Қуантыров. Суреттер ашық интернет көздерінен алынды. 

 

Ақшаны аздан жұмсаңдар!

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға инфляция кезінде күн көрудің жолын нұсқады. Оның бас қатыратын ештеңесі жоқ – ақша үнемдесең жетіп жатыр. Ол бұл ақылды бүгінгі үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

«Мүмкіндігінше бюджетті ыңғайлап, кейбір шығындарды азайту керек. Біз мұндай кезеңнен де өткенбіз. Өкінішке орай экономика – циклды нәрсе, уақыт-уақытымен осындай мәселелер туындап тұрады. Қазір инфляцияның шарықтау шегінде емеспіз, шарықтау шегі 2015-2016 жылдары болған. Қазір онымен салыстырғанда, соңғы екі-үш айда болған жағдай тұрақталу керек деп ойлаймын. Жай ғана күте тұру керек», - деді ол үкіметте сұрақ қойған журналистерге.

Бұл Қуантыровтың алғашқы жаңылтпашы емес. Ол бұған дейін де «күте тұру» туралы талай айтқан. Былтырғы ақпанның соңында министр болып тағайындалғалы бергі мәлімдемелерінің бәрінде аспаннан түскендей сөйлейтін министр өзін қазіргі қымбатшылыққа қатысы жоқ қылып көрсетуге тырысады. Бүгінгі айтқан сөзінде де «бұл ештеңе емес, бұдан зорғысын көргенбіз» деп, алты-жеті жыл бұрынғы көрсеткіштер арқылы, бұрынғы экономика министрі Ерболат Досаевтың құлағын бір шулатты.

Сәуір айында инфляция деңгейі 13,2%-дан асып кеткенде де «бұл соңғы алты жылдағы жоғарғы көрсеткіш» деп, арқаны кеңге сала сөйлеген. Министр шырқау шегін күтіп жүргенде инфляция деңгейі 14%-ға көтерілді. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайыловтың өзі айтты. Ал, Қуантыров инфляцияның жаңа белесті бағындырғанына қарамастан, министр биылғы жылдық инфляция деңгейін әлі 8-10% көлемінде болады деп болжап жүр.

2015 жылы инфляция деңгейі 13,6%, азық-түлік бағасы 10,9%-ды көрсеткен. Бүгінгі көрсеткіш бойынша инфляция 14%-ға, азық-түлік инфляциясы 19%-ға жетті. Демек, қазірдің өзінде Қуантыров инфляция бойынша қай жағынан да антирекордсмен Ерболат Досаевты басып озды.

Қуантыровтың «бұл әлі шырқау шегі емес» деп жүргенінің бір себебі бар: Досаев 2014 жылы 7,4%-дық көрсеткіштен көтеріп әкеп, 14-ке жеткізе алмай тоқтаған. Ал, Қуантыров 8,4%-дан (былтырғы инфляция деңгейі) көтеріп отыр. Қазіргі министр, сірә, осы екі аралықтағы есепті айтып отырған болса керек. Яғни, екеуінің старт алаңы екі түрлі: Досаев 6,2 пайыздық жол жүрсе, Қуантыров әзірге 5,6 пайыздық қашықтықты жүріп өткен. Қалай дегенде де бүгін Қуантыров үшін Досаев жете алмаған межені бағындырған айтулы күн.

Енді осы айтулы күні оның биылғы екіұшты, министр түгілі қарапайым адамға да жараспайтын, іш пыстырарлық жауаптарына мен мәлімдемелеріне шағын шолу жасап көрейік:

18 қаңтар, 2022 жыл:

«Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға және бизнес ахуалды, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Жоспар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдар, әлеуметтік мәселелер, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау әрі ұйымдастыру, қаржы мәселелері бойынша 51 іс-шарадан тұрады».

Мұндағы сөзіне қарағанда, Қуантыров бағаны ұстап тұра алмайтынын сол кезде-ақ білген: «бағаның өсуіне жол бермейміз!» демейді, «негізсіз өсуіне жол бермейміз» дейді. Қазіргі сөзіне қарағанда ол бағаның өсуін заңды нәрсе деп есептейді. Тек күту керек.

1 наурыз 2022 жыл:

«Қазір инфляцияға қысым болып жатыр. Оның әсері қандай болатынын нақты айту қиын. Кішкене шыдай тұру керек. Себебі Укринадағы жағдай барынша тез тұрақтанса, біздегі бағаға әсері төмен болады. Бірақ оны әлі қадағалау керек. Үкімет Ұлттық банкпен бірге дағдарысқа қарсы тиісті кешенді жоспар қабылдады. Сол жоспар шұғыл түрде орындалып жатыр. Негативті, базалық және оптимистік дейтін үш сценариі бар. Әрине, қазір жағдай күрделі. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, нақты әсерді бағалау үшін кішкене уақыт керек».

Осылай үзіп-жұлып, жуып-шайып сөйлеп келеді де, Украина-Ресей соғысы ушыққан жағдайда не болады деген нақты сұраққа «барлық әлеуметтік міндеттемелер іске асырылады. Себебі, үкіметте оған қажет қаражат та, мүмкіндік те бар», - деп бір шығады.

15 наурыз 2022 жыл:

«Жағдай тұрақтанбайынша бірдеңе айту қиын. Қазір Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан келіссөздердің нәтижесін қарау керек. Негізінде жағдайды бірнеше күн ішінде реттеуге болатын еді, бірақ қазір үшінші апта бойы келіссөздер жүріп жатқанын көріп отырмыз, оның нәтижесін күтейік».

Иә, Қуантыров шындамай жүр, шындаса, мәселені бірнеше күнде-ақ шешіп тастай салады. Кішкене күте тұрайық.

12 мамыр 2022 жыл:

 "Бизнестің кейбір түрлері, халықтың бір бөлігі жаппай доллар сатып ала бастады. Тиісінше, теңге бағамына қысым жасалды. Содан кейін жағдай тұрақталды, қазір жағдай әлдеқайда жақсы екенін көріп отырмыз. Ұлттық банк кейінгі айларда интервенция жүргізген жоқ. Сәуір мен мамырда өткізілмеді. Қазір бағам нақты».

Дәл осыған ұқсас сөзді кезінде доллар қымбаттағанда 2017 жылы сол кездегі ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев та айтқан. Ол да жұрт жаппай доллар сатып алады да, долларды қымбаттатып жібереді деп, біраз сынға ұшыраған. Жалпы, мұндай даулы, шулы мәлімдемелерді шенеуніктер антирекорд жасайтын кезде айтып қалады. Соның бір дәлелі кешегі Ақышев пен бүгінгі Қуантыров. Бұл тізімге экономикалық, инфляциялық болжамдары тура келмеуден алдына жан салмайтын тағы бір «рекордсмен» Досаевты да қосуға болады.

25 мамыр 2022 жыл:

«Мен инфляцияның өсімі қашан тоқтайтынын айта алмаймын. Инфляция қай кезде де болған. Инфляция дегеніңіздің ырыққа көнетін кезі, көнбейтін кезі, тұрақталатын кезі болады десек, бұл басқа әңгіме. Егер инфляция мүлде болмаса, бұл, экономика тұралап қалды дегенді білдіреді. Инфляция болуға тиіс, бұл дені дұрыс экономиканың нышаны».

Мұндай сөзді жақында ғана премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтып еді. Ол «көліктің қымбаттауы – тренд» деп, қымбаттатудың қазақстандық шенеуніктер арасында модаға айналғанын сездіргендей болған.

Бүгінгі айтқан сөзін жоғарыда келтірдік. Қуантыров Досаев алмаған биікті алды, енді қашықтығын сәл ұзартса... «Болжам жасауға әлі ерте», «соңын күтейік», «нәтижесін көрейік», «мен нақты ештеңе айта алмаймын» деп журналистердің алдында «сызылып» тұратын Жұбатыровтың қашан да әлдебір шаруаларды пысықтап жататын, жоспарлап жататын, бірақ, нәтижені өзгертпейтін министрлігі аман тұрғанда, ол алмайтын «қамал» жоқ. Өзі айтпақшы, инфляция Америкада да болып жатыр ғой, 2015 жылғы Досаев сөз болып па! Күте тұрайық...

Байланысты жаналықтар

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

16.09.2024

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

05.08.2024

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

02.08.2024

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

01.08.2024
MalimBlocks
Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

Заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

Президент Байден мақұлдаған алмасу барысында Ресейде түрмеде отырған журналист Эван Гершкович пен Алсу Құрмашева, саясаткер Владимир Қара-Мырза және теңіз жаяу әскерінде бұрын қызмет еткен Пол Уилан бостандыққа шыққан.

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

Ресейді Украинадағы жағдайды реттеуге арналған екінші бейбіт саммитке қатысуы тиіс. Себебі, жағдайды реттеуді әлемнің көптеген елдері қолдап отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский фрациялық журналистерге берген сұқбатында айтты.