Министр Біртановты сынаған дәрігер митинг өткізбек

Malim Админ

  • 16.05.2020

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановты сынап, отставкасын талап еткен медицина ғылымдарының кандидаты, балалар невропатологы, қоғам қайраткері Қайырғали КОНЕЕВ Алматы әкімдігіне митинг өткізу жөнінде өтініш түсірді.

Қайырғали Конеев мәжіліс жақында мақұлдап, сенаттың қарауына жіберілген "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске өзгеріс енгізетін заң жобасының кей тұстарымен келіспейді. Жаңа кодекс жобасы профилактикалық екпе егуді міндеттейді. Ал оны балаға салдыртудан бас тартқан ата-анаға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қайырғали Конеевтің айтуынша, жаңа кодекстің жобасында екіұшты, әркелкі түсіндіруге болатын баптар баршылық.

"Жаңа кодекс жобасында қоғамға ұнамаған даулы баптарды денсаулық сақтау министрлігі сөзін өзгертіп қана қоя салған. Міндетті вакцинация жоқ дейді, бірақ ұжымдық иммунитет 95 пайыз болса ғана екпе егуден бас тартуға болады делінген.  Ұжымдық иммунитеттің қанша пайыз екенін кім санайды? Оны қалай өлшейді, нендей методологиямен есептейді? Балабақша директоры ұжымдық иммунитетті санап отырғанша, бәріне екпе ектіре салуды жөн санайды.Балабақшада 100 бала бар, сол 100 баланың үшеуіне медициналық себеппен екпе егуге болмайды десек, бұл ұжымдық иммунитет 94 пайыз болып қалмақ деген сөз. Соны 95 пайызға жеткізу үшін екпе егуге болмайтын үш баланың біріне бәрібір екпе егу керек. Сонда ол үшеуінің арасынан қалай таңдайды? Осындай екіұшты дүниелер жемқорлыққа жол ашуы мүмкін. Жаңа кодекстегі баптар анық, екіұшты, дүбәра болмауы керек", - деді Қ.Конеев.

Қ.Конеевтің өзі екпе егуді қолдайды, бірақ оны жалпыға бірдей міндеттеуге қарсы. "Балалар невропатологы ретінде екпе егуді қолдаймын, ол ауыр инфекциялардан қорғайды. Бірақ екпе егуді міндеттемеу керек. Оны айналып өтемін деген ата-ана басқа амал іздей бастайды. Екпе егуге болмайды деген жалған медициналық қағаз немесе жалған вакцинацияға жүгінеді. Қысқасы, мұның бәрі жемқорлыққа жол ашуы мүмкін. Ең жаманы, біз екпе егілгендер мен егілмегендер жайлы шынайы ахуалды білмей қаламыз", - дейді ол.

Қ.Конеев кодекс жобасында басқа да дүдәмал баптар баршылық дейді. "Денсаулық сақтау операторын құрмақ, ол оператор толықтай денсаулық сақтау министрлігінің міндетін қайталайды. Былайша айтқанда, жекеменшік денсаулық сақтау министрлігі бұл. Мұндайға жол бермеу керек. Трансплантацияға қатысты екіұшты нәрселер бар. Бұл мәжіліс пен министрлік консенсусқа келмеді дегенді көрсетеді. Ендігі бұған қарсы тұрудың жол – митингіге шығып, пікірімізді айту. Әкімдікке митинг өткізу жөнінде өтініш түсірдім",- дейді Қ.Конеев.

Егер әкімдік рұқсат етсе, митингіде барлық эпидемиологиялық талаптар сақталады дейді Қ.Конеев."Тіпті санитарлық жағдайды бақылайтын тәуелсіз санитар дәрігерлерін қатыстыруға дайынмын. Төтенше жағдайды алып тастады. Олай болса, митингіге рұқсат беруі керек", - деп түйіндеді ол.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

Оқи отырыңыз: "Министр Біртанов отставкаға кетуі тиіс"

 

Байланысты жаналықтар

Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

06.01.2023

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

21.06.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

06.05.2021

Елжан Біртанов қамауға алынды

31.10.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым

10.09.2020
MalimBlocks
Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

ZOOM платформасында өткен сот отырысы ұзаққа созылмады

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Елжан Біртанов қамауға алынды

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым