Орта Азия медиа форумына кімдер қатысып жатыр?

2 күнге созылатын форумда 100-ден аса спикер сөз сөйлеп, баяндама жасайды

  • 21.12.2022

 

Кешелі бері Астанада Орталық Азия медиа форумы жұмысын бастады. Жиынға әр түрлі елдің өкілдері қатысып жатыр. Экс-президенттер, халықаралық ұйымдар басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, медиа саласы бойынша танымал тұлғалар келген жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған.

Алғашқы отырысқа ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл, Моңғолияның 3-ші президенті Намбарын Энхбайар, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетов бастаған саясаткерлер қатысып, форумның ерекшелігі жайлы сөз сөйлеп, пікір білдірді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқыды. Президент құттықтауында ақпараттық кеңістікті жаһандануға сай, халықаралық деңгейде ұстап отыру туралы және Орта Азия елдерінің бауырластығы, жаңа бастамалары туралы айтыпты.

Абдулла Гүл мен Намбарын Энхбайардың бұл форумға шақыртылуының да өзіндік мәні бар екен. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

«Құрметті меймандар – Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл мен Моңғолияның 3-ші президенті Намбарын Энхбаярдың Медиа форумға арнайы шақырылуының өзіндік мәні бар. Мәселен, Моңғолияның бұрынғы басшысы Намбарын Энхбаяр журналистикадан жетіліп шыққан қайраткер тұлға болса, Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл мырза фото­журналистикамен әуестенетін, жаңа медиаға жаны жақын тұлға».

Одан бөлек форумға қатысушылардың ішінде америкалық «New York Times» жасайтын бестселлер тізімінде 4 мәрте көш бастаған, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш пен YouTube-та 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының лауреаты, фотограф Лю Хен Шинг бастаған журналистика бойынша әлем бойынша танымал адамдар; «Мир», TV9, Қазақстан Президенті Телерадиокешені, «Қазақстан» бастаған отандық арналар мен басылымдар, түрлі сайт пен ақпарат агенттіктері өкілдері қатысты.

Одан бөлек БҰҰ Бас Ассамблеясында бейбітшілік күнін бекіткен Бейбітшілік күні жаһандық жобасының негізін қалаушы Джереми Гилли мен әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенов арнайы сөз сөйлеп, бейбітшілік туралы толғаныстарын айтты.

Форум 2 күнге созылады және 100-ден астам спикер сөз сөйлейді. Ұйымдастырушылар бұл форумды дәстүрлі жиынға айналдыру және түркі әлемінің ақпарат кеңістігінде ортақ жобалар жасап, телехикая, анимациялық фильмдер түсіру, ортақ ақпараттық сайт ашуды көздейді.

Байланысты жаналықтар

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

02.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді,

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі