Спортта жетістікке жетудің жолы – тер төгу мен еңбек қана

Malim Админ

  • 15.05.2021

Спортты 10 жасынан бастап жанына серік еткен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 1-курс студенті Әділбек Сеисов – әр жеңісімен жігерленіп, жеңілісінен де шабыт алатын спортшы.

«Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығында білім алып жүрген Әділбектің спортқа деген қызығушылығы оны 10 жасында өнердің осы түріне алып келген екен. Самбо күресімен айналысатын Әділбек Махамбетұлы алғашқы жеңісін әлі есінен шығарған емес. Ол – ең алғаш рет өз бабы мен бағын сынаған аудандық жарыста алған жүлделі 3-орын еді. Бұдан әрі балғын спортшы түрлі жарыстарға қатысып, өзінің мақсатына қол жеткізу үшін еңбектеніп келеді.

 – Спортшы болу үшін ең бірінші алдыңа қойған мақсатыңа жетуге ынта-жігер керек. Сонымен бірге ер-азаматты қайрайтын намыс және отансүйгіштік қасиет те сені биіктерге көтермелейді, – деген Әділбек оқу мен спортты қатар алып жүру қиын екенін жасырмады. Барлық сағаты есептеулі білім алушының бос уақытының болуы да екіталай. Алайда қолы қалт еткенде достарымен көңіл көтеріп, футбол ойнағанды жақсы көреді.

«Әдеби кітап оқисың ба?» деген сауалымызға спортшы шынайы түрде жауап берді:

– Әрине, бір кітапты оқимын деп ниеттенемін, өкінішке орай, оны соңына дейін оқып шығуға мүмкіндік болмай жатады.

Осы ретте Әділбекке бұл олқылықтың орнын толтыруға кеңес бердік. Қазіргі уақытта жастардың көп уақыты ұялы телефонмен, интернеттен түрлі ақпараттар оқумен кететіні жасырын емес. Ендеше, электронды кітаптарды ұялы телефонға жүктеп алып, бос уақытта оқып шығуға мүмкіндік молынан.

Өмірде асқар тау – әкесіне еліктеп, оның азаматтық қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұл болашақта да осы бағытынан таймауға бекінген. Сондай-ақ әңгіме арасында өзін спортқа баулып, үлкен жеңістерге жетуіне зор еңбек сіңіріп жүрген жаттықтырушылары туралы да айтып өтті.

– Жаттықтырушыларым – өте жақсы адамдар. Спорттағы алғашқы қадамымды шыңдаған Шарипов Қайтар Мақсотұлы болса, қазіргі жаттықтырушым – Қаженов Қасым Маратұлы. Біраз жылдар осы кісілердің тәлімін де, тәрбиесін де көрдім. Олар менің екінші әкемдей қамқор болып, менің әр жетістігіммен мақтанып келеді. Түрлі қиындықтардың да, жеңістерім мен жеңілістерімнің де куәсі – сол жаттықтырушыларым, – деді кейіпкеріміз.

Жуырда Әділбек Сеисов Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарып, жүлделі орынды иеленген еді. Ол жауынгерлік самбо күресінен ерлер арасында 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 1-орынды жеңіп алып, «ҚР спорт шебері» дәрежесіне қол жеткізді.

Олимпиада чемпионы болуды армандамайтын спортшы кемде-кем шығар, сірә! Әділбек Сейсов те сондай биіктен көрініп, елінің көк байрағын көкте желбіретсем дейді. Жеңіліс кезінде өзін «бұл соңғы жарыс емес, қарсыластармен әлі де кездесемін, менде мүмкіндік жеткілікті» деп жұбататын спортшы үлкен жетістіктер елеулі еңбек пен төгілген тердің арқасында келетінін біледі. Ендігі мақсаты – биылғы маусым айында өтетін Азия чемпионатында алтыннан алқа тағыну. Жәңгір хан университетінің, қала берді Батыс Қазақстан өңірінің намысын қорғап жүрген спортшының да алар асуы әлі алда деп білеміз.

Байланысты жаналықтар

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

02.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді,

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі