Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Асха Принц пен Нияның арасындағы шу желіні дүрліктірді

Қоғам
Әнші Асха Принц пен Нияның арасындағы шу желіні дүрліктірді
stan.kz коллажы

Әлеуметтік желіде V $ X V PRiNCE лақап атымен танылған рэпер Асхат Рысбеков (Асха Принц) пен қырғызстандық әнші Ния арасында дау туындады. Оған себеп – Алматыда өткен Dequine концерті кезінде болған күтпеген жағдай, деп хабарлайды Stan.kz.

Кеш барысында Ния сахнада ән айтып тұрған сәтте Асха Принц кенеттен сахнаға шығып, көрермендерді таңғалдырған. Кейінірек Dequine бұл көрініс жоспарланбағанын айтып, екі әртістің қарым-қатынасы желіде қызу талқылана бастады.

Ния (шын аты – Дания Эмиль) – Қырғызстанның танымал жас рэп-орындаушысы. Оның Асха Принцпен бірігіп жазған Eyes және Price атты тректері миллиондаған қаралым жинаған. Бастапқыда дуэт сәтті шығармашылық тандем ретінде қабылданғанымен, уақыт өте тыңдармандар олардың арасында музыкадан бөлек байланыс барын болжай бастаған. Ал Асха Принц – үйленген, үш баланың әкесі.

Say Mo-ның астарлы сөзі

Оқиғаға Say Mo есімді қазақстандық рэпердің сөзі де отқа май құйғандай әсер етті. Өзінің жеке концертінде ол:

"Дорогая, надеюсь, ты же знаешь, что он женат. Солидарность женская, но делишь с ними кровать..." – деген жолдарды айтып, тыңдармандар Нияға меңзеп тұр деп болжады.

Stan.kz коллажы

Бұған қоса, оның "менің үнсіздігім біреудің отбасын сақтап тұр" деген сөзі мен TikTok-тағы "Папина любовница" атты видеоcы да қызу талқыланып, жазба астына ол:

"Сатқын еркектер мен олардың ақымақ ашыналарын әшкерелей бастадық", – деп жазған.

Желі қолданушылары бұл сөздердің кімге бағытталғанын енді түсіне бастағандарын айтып жатыр.

Асха Принцтің жұбайының реакциясы

Асха Принцтің жұбайы, музыкант Ұлдана Үсенова әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жағдайға үнсіз қалмады:

"Ер адамның үйленгенін, оның жары мен балалары бар екенін біле тұра, оған жабысып, өзін мәжбүрлеп танытып, мансап үшін бәріне бару – не деген ұят?! Кейін күн сайын "қашан ажырасасың?" деп қыспаққа алып, балаларынан алыстатып, енді ештеңе болмағандай пәктік таныту... Мұндай адамды қалай атауға болады?" – деп жазды ол.

Stan.kz коллажы

Ал Асха Принц өзінің Instagram Stories-інде қысқа ғана жазба қалдырған:

"Тіпті бүкіл әлем жек көрсе де болсын..."

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу