Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Ердос Қанаев көпшілікке ой саларлық жазба жариялады

Қоғам
Әнші Ердос Қанаев көпшілікке ой саларлық жазба жариялады
видеодан скриншот

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев марқұм әкесі мен дүниеден өткен баласына деген сағынышын жүрекжарды жазба арқылы жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz Malim.kz ақпарат порталына сілтеп.

Өнер иесі бұл жолы Instagram парақшасында ауыр әрі толғанысты жазбасын бөлісті.

"Сағыныш деген – адамды алысқа жетелейтін, бірақ қайта алып келмейтін сезім екен. Әкем де, балам да мен үшін енді естелік болып қалды. Екі сыйлы жаным мына өмірдің парағын жауып, ақыретке бет түзеді. Қазақта «Аталсаң атал, боталатпа» деген сөз бар. Оның мәнін енді ұққандаймын – адам мәңгі емес, тек ұрпағыңның өсіп-жетілуін көру – ең үлкен бақыт екен. Тағдырдың жазуына разымын. Алланың ісі — бәрі көркем”, – деп жазды ол.

Әнші жүрегіне жұбаныш беретін жайттарды да атап өтті.

"Ұлым Ибраһим (а.с) пайғамбар мен Сара анамыздың жанында. Ертең ақыретте Алла сол баланы ата-анасына шапағатшы етеді дейді. Әкем намазын, оразасын толық орындап өтті. Жәннатта қауышамыз деген үміт маған күш береді", – деп түйіндеді Ердос Қанаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу