Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында 4 адам бруцеллез жұқтырды

Денсаулық
Ақмола облысында 4 адам бруцеллез жұқтырды

2024 жылдың жеті айында ақмолалықтар арасында құтыру, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия эпидемиологиялық аурулары тіркелген жоқ. Алайда, осы кезеңде облыста адамдар арасында бруцеллездің жұқтырудың 4 дерегі тіркелді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменің мәлімет берді.

«Ақмола облысының тұрғындары арасында жыл басынан бері бруцеллез жұқтырудың төрт жағдайы анықталды. Алайда, бұл өткен жылдың (былтыр жеті адамның шалдықты) сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Бруцеллезбен сырқаттанушылық Бұланды, Астрахан, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында тіркелді. Барлық науқастар 14 жастан асқан. Екі жағдайда инфекция көзі ірі қара малда болды, қалған екеуінде инфекция көздері анықталмады. Сонымен бірге, байланыста болған 12 адам анықталды, серологиялық әдіспен бруцеллезге тексерілді, оң нәтиже анықталған жоқ», — деді Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Серік Омарханов.

Айтуынша, инфекция ошақтарында мал шаруашылығы өнімдеріне зертханалық бақылау жүргізілуде.

Фото: Ашық дереккөз 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу