Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында болмаған төтенше жағдай үшін заңсыз шарт жасасқан

Сұқбат
Ақмола облысында болмаған төтенше жағдай үшін заңсыз шарт жасасқан

Ақмола облысында прокурорлар болмаған төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша заңсыз жасасқан шарттарды анықтады.

«Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган 3 млн теңгеден астам сомаға қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағаны анықталды. Конкурс өткізбеу себебі ретінде төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Анықтағандай, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдай жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізсіз жасасқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: интернеттен алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу