Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында ет сатуға жалған ветеринарлық анықтама бергендер ұсталды

Қоғам
Ақмола облысында ет сатуға жалған ветеринарлық анықтама бергендер ұсталды

Анықталғандай, жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясына ие болып, зертханалық зерттеулер жүргізбестен ішкі сауда объектілерінде және басқа жерлерде сатылатын ет шикізатының сәйкестігі туралы ветеринариялық анықтамалар берген.

«Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкер осындай 850 анықтама таратқан, яғни сауда нүктелерінің сөрелеріне ондаған тонна зерттелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Соның салдарынан шектелмеген адамдар қатарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Аталған факт бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, 6 ай мерзіміне лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды Бас прокуратурадан.

Осылайша, аталған кәсіпкердің алдағы жарты жылда мұндай анықтамаларды беруге құқығы жоқ.

 

Фото: aikyn.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу