freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында квадроцикл жүргізген 22 жастағы қыз қаза тапты

Оқиға
Ақмола облысында квадроцикл жүргізген 22 жастағы қыз қаза тапты

Ақмола облысының Бурабай ауданында қайғылы оқиға болды. Квадроцикл айдаған қыз апатқа ұшыраған. Полиция квадроцикл мен басқа да көлікті басқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz сайтына сілтеме  жасап. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурабай ауданында квадроциклге қатысты апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр, нәтижесінде жас қыз қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 7 шілдеде 22 жастағы Астана тұрғыны квадроцикл жүргізіп бара жатып, Зеленый Бор мен Бурабай ауылдары арасындағы тас жолда көлігі аударылып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады департамент.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде квадроциклді жалға беру дүкенінің жұмысын, мотоцикл жалға алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және қайғылы оқиғаға әкелген басқа да ықтимал себептерді анықтап жатыр.

Полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарын квадроцикл мен басқа да моторлы көліктерді жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Жүрмес бұрын көліктің жақсы жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз, қорғаныс құралдарын киіңіз, қауіпсіз жылдамдықтан асырмаңыз және белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Осы қарапайым шараларды сақтау адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, - деп қосты полиция департаменті.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу