Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Әлем
АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Бұл туралы 30 қарашада АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер мәлімдеді. Deutsche Welle жазуынша, оның себебі, Грузия үкіметінің елдің Еуропалық Одаққа кіру келіссөздерін тоқтату туралы шешімі мен Тбилисидегі наразылықтарды күшпен таратуынан болып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Миллердің айтуынша, Грузиядағы билік партиясы – «Грузин арманы» Еуропамен тығыз қарым-қатынас орнату мүмкіндігінен бас тартып, елді Кремльдің ықпалына әлсіз еткен. Сонымен қатар, грузин халқының басым бөлігі еуропалық интеграцияны қолдайтынын атап өтті.

АҚШ наразылық білдірушілерге полицияның күш қолдануын қатаң сынға алды. Миллер грузин үкіметін Еуроатлантикалық даму жолына қайта оралуға, парламенттік сайлаулардағы бұзушылықтарды ашық тергеуге және бейбіт жиналыстар мен пікір білдіру бостандығын шектейтін заңдарды жоюға шақырды.

АҚШ пен Грузия арасындағы ынтымақтастықты қайта қарау мүмкіндігі туралы мамырда Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен айтқан болатын. Бұл шешім Грузияда «шетел агенттері» туралы заң қабылданғаннан кейін туындады.

Фото: komersant.info

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу