freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Иранмен келіссөз өткізетін болды

Әлем
АҚШ Иранмен келіссөз өткізетін болды
Фото: freepik.com

12 сәуір, сенбі күні Исламабад қаласында Ирандағы соғысты тоқтату мәселесіне арналған келіссөздер өтуі тиіс, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Алайда оған бір тәулік қалғанда АҚШ жариялаған бітім шартты сипатта ғана көрінеді: жұмаға қараған түні Израиль Ливан аумағына соққыларын жалғастырды, ал Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазы іс жүзінде жабық күйде ұстап, уақытша бітім шарттарын бұзды деп айыптады.

Соған қарамастан, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Исламабадқа ұшып кетті. Дегенмен, ирандық делегацияның келіссөздерге қатысатыны әлі нақты белгісіз.

Жұма күні Вэнс Пәкістанға аттанды. Ол ұшаққа мінер алдында:

«Біз келіссөздерді асыға күтіп отырмыз», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, егер Иран «адал әрекет етсе», АҚШ «көмек қолын созуға дайын» екенін айтты. Ал «алдауға тырысса», АҚШ бұған жауапсыз қалмайтынын ескертті.

Вэнстің айтуынша, Дональд Трамп оған алдағы келіссөздер бойынша нақты нұсқаулар берген.

АҚШ делегациясының құрамына сондай-ақ президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер кірген.

Исламабадта келіссөздерге дайындық қызу жүріп жатыр: парламент ғимараты маңындағы негізгі жолайрықта, президент сарайына жақын жерде полиция түсірілім топтарын шеттете бастағаны хабарланды.

Сонымен қатар, Иран делегациясының келуі әлі де күмәнді. Кеше Иранның Пәкістандағы елшісі делегация бүгін кешке келеді деп хабарлаған, алайда бұл жазбаны бір сағаттан кейін өшіріп тастаған.

Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды өкілі жұма күні таңертең:

«Әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ», – деп мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу