freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ пен Иран өкілдері бітімді 60 күнге ұзарту туралы келісімге келді

Әлем
АҚШ пен Иран өкілдері бітімді 60 күнге ұзарту туралы келісімге келді
Анадолы

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары мен Иран келіссөз жүргізушілері бітімді 60 күнге ұзарту және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді бастау жөнінде ортақ мәмілеге келген. Алайда құжат әлі Дональд Трамптың түпкілікті мақұлдауын күтіп отыр, деп Анадолы агенттігі жазды.

Бұл туралы америкалық Axios платформасы АҚШ-тың екі шенеунігіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, америкалық және ирандық келіссөз жүргізушілері 60 күндік бітімді ұзарту және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді бастау жөніндегі келісім мәтінін келіскен. Дегенмен президент Дональд Трамп әзірге құжатқа соңғы келісімін бермеген.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, келісім мәтіні сейсенбі күні мақұлданған, ал екі елдің басшылығы келіссөз барысын талқылаған.

Сондай-ақ америкалық тарап Иран кейіннен «келісімге қол қоюға дайын екенін» жеткізді деп мәлімдеген. Алайда бұл ақпаратты Иран ресми түрде растаған жоқ.

Егер келісімге қол қойылса, Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің ешқандай шектеусіз жүруіне мүмкіндік беріледі.

Өз кезегінде АҚШ Иран порттарына енгізілген теңіз блокадасын алып тастауы мүмкін.

Әзірге АҚШ әкімшілігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін Иран Оманмен Ормуз бұғазын басқарудың жаңа тәсілі жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын жазған едік.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу