Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Ресей мұнайын тасымалдап бара жатқан тағы бір танкерді басып алды

Әлем
АҚШ Ресей мұнайын тасымалдап бара жатқан тағы бір танкерді басып алды
Фото: әлеуметтік желі

АҚШ-тың жағалау күзеті Ресей мұнайын тасымалдап бара жатқан Olina мұнай танкерін басып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының мәліметінше, бұл танкер Ресейдің Балтық және Қара теңіз порттарынан, сондай-ақ Тынық мұхиты өңірінен мұнай мен мұнай өнімдерін G7 санкцияларын айналып өтіп экспорттауға пайдаланылған. Жеткізілімдердің негізгі бағыттары Қытай, Үндістан және Түркия саналады.

Olina танкеріне АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Еуроодақ, Швейцария, Австралия және Жаңа Зеландия санкция салған.

Мұнай танкері Шығыс Тимор туымен жүзіп жүрген. Бұған дейін ол Minerva M деп аталған және Greenpeace жүргізетін Ресейдің «көлеңкелі флоты» тізіміне енгізілген. АҚШ бұл кемеге қарсы санкциялар енгізді.

Бұған дейін АҚШ Солтүстік Атлантикада Венесуэламен байланысты мұнай танкерін бірнеше аптаға созылған қудалаудан кейін қолға түсіру операциясын жүргізген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу