Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Әлем
АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сенбі күні Демократиялық партияның өкілі Камала Харрис пен Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп сайлауалды науқанның соңғы кезеңіне шықты. «Голос Америки» сайтының жазуынша, қазірдің өзінде Джорджия мен Пенсильвания сияқты бәсекелес штаттарда көптеген америкалық алдын ала дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Камала Харрис сенбі күні Мичиган штатындағы Детройт қаласында дауыс жинау науқанын бастады, бұл шараға жергілікті танымал рэпер Лиззо да қатысты. Сондай-ақ, Харрис Джорджия штатындағы Атланта қаласында поп жұлдыз Ашермен бірге митинг өткізді.

Дональд Трамп болса, сол күні Пенсильвания штатындағы Латроб қаласында митинг өткізді. Екі кандидат та сайлауға дейінгі соңғы күндерді Мичиган штатында өткізіп, өзара сөзтартысқа түсті. Трамп Харрис тарапынан айтылған оның сайлауалды белсенділігіне қатысты сынға жауап беріп, шаршамағанын мәлімдеді.

Сайлаудың нәтижесіне бірнеше «құбылмалы» штаттағы сайлаушылар шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Фото: golosameriki

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу