freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақша айырбастау орындарында доллар 3 теңгеге арзандады

Экономика
Ақша айырбастау орындарында доллар 3 теңгеге арзандады
Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Malim.kz.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,25 теңгеге түсіп, 471,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 475,38 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 468,00 теңгеден сатып алынады, 475,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 537,00 теңге, сату — 547,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,50 теңге, сату — 5,70 теңге.
— юань: сатып алу — 68,75 теңге, сату — 73,22 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,04 теңгеден сатып алынады, 473,09 теңгеден сатылады. Еуро 540,98 — 545,90 теңге, ал рубль 5,57 — 5,71 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,71 теңгеден сатып алынады, 71,26 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 3 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге өсіп, 475,38 теңге болды.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу