Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер 10 күнге қамалды

Қоғам
Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер 10 күнге қамалды

Блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерді дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының үкімімен Сәрсенбаев құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды. Сол үшін ол 10 тәулікке қамауға алынды.

Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы "Билік өкілінің заңды талабына бағынбау" бойынша айып тағылды. Сот істің мән-жайын ескеріп, ең төменгі жазаны берді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу