Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында қала әкімі ұсталды

Қоғам
Ақтөбе облысында қала әкімі ұсталды
Фото: Хромату ауданының әкімдігі

Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот 2 айға санкция берді. Өзге ақпарат берілмейді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Хромтау ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, 40 жастағы Сағындық Шабықбаев осыдан екі жыл бұрын қала әкімі қызметіне кірісті. Оған дейін әкімнің орынбасары болған.

Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады. 2016 жылы әкімшілікте қызмет етті. 2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, 2018-2023 жылдары аралығында қала әкімінің орынбасары болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу