freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде майонез банкаларына жасырылған телефон тәркіленді

Қоғам
Ақтөбеде майонез банкаларына жасырылған телефон тәркіленді
Фото: ІІМ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде сотталғанға ұялы телефонды жасырын жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызметкерлер майонезден босаған екі пластик банканың ішінен Nokia маркалы ұялы телефон мен SIM-картаны тапқан. Тексеру кезінде банкалардың бірінің түбі кесіліп, тыйым салынған заттарды жасыруға арналған арнайы қуыс жасалғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша 22 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасағаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу