Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

Құқық
Ақтөбеде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта көз жұмған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында жарияланды.

"Менің ұлым сәуірден бері Ақтөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін.

Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.

Бұған дейін Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі қаладағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлама таратқан еді.

Фото: instagram/aqtobe_sergek

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу