Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арон Атабектің ауруханаға жатқызылғаны хабарланды

Саясат
Арон Атабектің ауруханаға жатқызылғаны хабарланды

Саяси тұтқын Арон Атабектің ауруханаға түскені хабарланды. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

«Дәл қазір Арон Атабектің ауруханаға түскені жөнінде ақпарат алдық. Осыған байланысты ҚР ІІМ ҚАЖ комитетін аталмыш ақпаратты растауды немесе терістеуді, Аронның денсаулығы қандай екенін түсіндіруін сұраймын», - деп Бақытжан Төреғожина өзінің Facebook парақшасына жазды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Арон Атабек 2006 жылы «Шаңғырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп таныған. Жақында Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары Арон Атабекпен кездесіп, денсаулығының нашар екенін хабарлаған. Кейіннен құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, Атабекті рақымшылықпен босатуды сұраған. Оған 2,5 мың адам қол қойған.

Арон Атабек Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде жазасын өтеуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу