Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Артында бес баласы қалды": Танымал актриса жақынынан айрылғанын хабарлады (ФОТО)

Қоғам
"Артында бес баласы қалды": Танымал актриса жақынынан айрылғанын хабарлады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жақында өзінің жақын құрбысынан айырылғанын жан жүрегімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның құрбысы 43 жасында қатерлі ісікке байланысты көз жұмған. Әсел Сәдуақасова сырқаттың немен аяқталатынын түсінгенімен, мұндай қазаға ешкімнің де дайын бола алмайтынын айтты.

"Мен бірінші рет осындай жас жақынымнан айырылып отырмын. Бұл өте ауыр әрі қорқынышты екен. Жаныңдай жақын адамның енді ешқашан қасыңда болмайтынын түсіну – жүрекке тым ауыр. Бұрынғыдай күле алмайсың, ал біз үнемі бірге күлетінбіз… Енді ешқашан сыр бөлісе алмайсың, ең құпия сезімдер туралы әңгімелесе алмайсың. Оның көздеріне қайта қарай алмайсың, құшақтай алмайсың. Ең ауыры – бес бірдей бала анасынан айырылды", – деп жазды ол.

Актриса Алматыда жүргенде құрбысының жанында барынша көбірек болуға тырысқанын айтады.

"Алматыда болған кездерімде мүмкіндігінше жиі барып тұратынмын. Ұзақ сөйлесетінбіз, ауыр әрі терең мағыналы әңгімелер айтатын едік. Оның әр сөзі жанымды төңкеріп жіберетін. Соңғы кездесуімізде: "Әсел, ешкімді тыңдама. Жүрегің не қалайды – соны ғана жаса. Сен үшін нені дұрыс деп ешкім айта алмайды. Біз өзімізге тым көп тыйым саламыз, өз өмірімізді шектейміз. Ал өмір бір-ақ рет беріледі, ал оның қалай аяқталатынын ешқашан білмейсің" деп айтқан еді", – деп еске алды Сәдуақасова.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу