freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әруағы шыбын болып келіп жүр": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы ел естімеген құпияны айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Әруағы шыбын болып келіп жүр": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы ел естімеген құпияны айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты ерекше жағдайды айтып берді, деп Malim.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, қайда сапарға шықса да, жанынан қара шыбын шықпайтын көрінеді. Әнші мұндай жағдайдың шетелге барған кезде де бірнеше рет қайталанғанын жазды.

"Қай жерге сапарға шықсам, сол жерге дәу қара шыбын ұшып келеді, шетелде де солай, қасымдағылар біледі, ал енді бүгін концерттің аяғына дейін қара шыбын айналшақтап аяғына дейін бірге болды", – деді Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырды. Бірі мұны марқұм жандардың рухымен байланыстырса, енді бірі жақындарының қолдауы деп жорыған.

"Ол шыбынды өлтірмеңіз, ол – сізге жанашыр адамның шыбыны жаны. Бұл әлемде жоқ адам. Менің анам өлгенде "торғай болып келем" деген. Қызыма терезеге торғай қонса "әже келді" дейміз. Менің көңілім бұзылады, сағыныш келеді", – деп жазды желі қолданушысы.

Мақпал Жүнісова бұл пікірге жауап беріп, марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті еске алды.

"Мерей екеуіміз Токиоға барғанда, күнде бір қара шыбын тамақтанда жанымызда айналшақтап жүрді, сонда мен "Зәкеннің аруағы желеп-жебеп жүр" деп айтқам", – деп пікір қалдырды әнші.

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының падишасы

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, халықтың ыстық ықыласына бөленген танымал өнер иесі. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген.

Өнерге жастайынан жақын болған әнші 1981 жылдан бастап "Қазақконцерт" бірлестігінде солист болып еңбек етіп, шығармашылық жолын кәсіби деңгейде жалғастырды. Табиғи дарыны мен ерекше дауысымен көпшілікке танылған Мақпал Жүнісова халықаралық байқауларда да топ жарып, қазақ өнерінің мәртебесін көтерді.

Небәрі 22 жасында "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атануы, ал 31 жасында "Қазақстанның Халық әртісі" атағын алуы – оның өнердегі биік жетістігінің дәлелі.

Әнші тек сахнамен шектелмей, білім мен ғылым саласына да көңіл бөлді. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, кейін ұстаздық бағытта да еңбек етіп, профессор дәрежесіне дейін көтерілді.

Мақпал Жүнісованың басты ерекшелігі – нәзік те әсерлі лирикалық сопрано дауысы. Оның репертуарында халық әндері, романс, эстрадалық шығармалар және джаз бағытындағы туындылар бар. Осындай жанрлық әртүрлілік әншінің шығармашылығын байытып, тыңдарман аудиториясын кеңейте түсті.

Бүгінде Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасының "примадоннасы", "Орта Азияның бұлбұлы" ретінде кеңінен танылған. Оның концерттері әлі күнге дейін көрерменнің қызығушылығын тудырып, аншлагпен өтеді. Өнер иесі халық жүрегінен берік орын алған қазақ сахнасының шоқтығы биік тұлғаларының бірі саналады.

Сонымен қатар, өнер иесі тек сахнадағы шеберлігімен ғана емес, ашық мінезі мен әзілқойлығымен де көпшілікке жақын. Мысалы, бір шарада Тұрсынбек Қабатовқа қалжың айтып, жиналған жұртты күлкіге бөлегені есте. Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Маңғыстауда өткен жеке концерті барысында ерекше жағдайға кезіккенін де жазған едік. Мақпал Жүнісова Қарағандыға жасаған сапары барысында көңілі қалған жайттарды бөліскенін де жазып едік. Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі туралы сыр бөліскен болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу