freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскери қызметші кәмелетке толмағанға зорлық жасағаны үшін 15 жылға сотталды

Қоғам
Әскери қызметші кәмелетке толмағанға зорлық жасағаны үшін 15 жылға сотталды
Фото: pixabay

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасаған әскери қызметші сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау») бойынша кінәлі деп танылды. Аталған бапта 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сотталушы әскери қызметші болғандықтан, қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында қаралды. Сот үкімімен оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескерген сот процесі жабық форматта өтті. Осыған байланысты іс бойынша толық ақпарат жарияланбайды.

Сонымен қатар сот үкіміне сәйкес, айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу