Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Аспабымды қайтарыңдар». Танымал әнші Air Astana әуе компаниясын айыптады

Шоу-бизнес
«Аспабымды қайтарыңдар». Танымал әнші Air Astana әуе компаниясын айыптады

Белгілі әнші Ерлан Көкеев ұшақта қымбат гитарасы жоғалғанын айтып, Air Astana әуе компаниясына шағымданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші аспабына қатысты кезекті рет шу болып, әуе компанияның алдап отырғанын айтады.

"Air Astana, не болып жатқанын түсінсем бұйырмасын. Сіздер әдейі жасайсыздар ғой деймін. Мен қазір ғана Өскеменнен ұшып келдім. Тағы да аспабыммен мәселе туындап отыр. Гитарам жоғалып кетті. Ең бастысы гитара әлі келмеді деп мені алдап отыр. Алдын ала аспап қалып қалмасын деп ескерткен болатынмын. Ешнәрсе болмайды деп айтқан болатын. Бірақ тағы аспабым жоқ. Аспабымды қайтарыңдар”, – дейді Ерлан Көкеев.

Air Astana оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

"25 маусым күні Өскемен-Алматы бағыты бойынша KS302 рейсін орындайтын ұшақ қонғаннан кейін жолаушы Ерлан Көкеев Алматы әуежайындағы "Жоғалған жүктер" бөліміне жүгінген. Ол гитарасын жүктердің арасынан таппағанын хабарлаған. Қызметкерлер жолаушының өтінішін тіркеп, дереу жүкті іздеуге кірісті. Біз гитараны табу үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз", – деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері.

Фото: instagram.com/yerlankokeyev

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу