freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана-Көкшетау тасжолындағы жол апаты: 5 адам жарақат алды

Оқиға
Астана-Көкшетау тасжолындағы жол апаты: 5 адам жарақат алды
ҚазАвтоЖол

Астана мен Көкшетау арасындағы республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде Toyota Alphard пен "ГАЗель" көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Malim.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.  

Дереккөздің мәліметінше, бүгін Астана – Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар автожолының 254-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Сондай-ақ қауіпсіз арақашықтықты сақтамау салдарынан жолда бірге бағыттас қозғалып келе жатқан "ГАЗель" көлігімен соқтығысқан. Аталған көлік жолдың жүру бөлігінде таңба сызу жұмыстарын сүйемелдеп жүрген, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шеккені хабарланды. Барлық зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем бригадасымен Бурабай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнын тексеру барысында жол учаскесінің түзу екені, жол жабыны асфальт-бетоннан тұратыны анықталды. Жолдың жүру бөлігінде көзге көрінетін ақаулар табылған жоқ. Оқиға болған сәтте бұл учаскеде "ҚАЖсервис" ЖШС Ақмола облыстық филиалына қарасты ДЭУ-88 мекемесінің күшімен жол таңбасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқан, – деп қосты ұлттық компания.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу