freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада көшеде қолына пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды

Оқиға
Астанада көшеде қолына пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды
Видеодан скрин

Республика мен Достық көшелерінің қиылысында денесін жалаңаштаған ер адам суық қару ұстап, біреуді іздегендей әрекет жасаған, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Кейін ол жолдың қақ ортасына қойған көлігіне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екенін анықтады.

«Құқық бұзушы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау камерасына қамалды. Қазіргі таңда оның мұндай әрекетке баруының себеп-салдары тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Аталған факті бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданды. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу