Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасады

Қоғам
Астанада жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасады

Астанада такси жүргізушісіне жолаушы шабуыл жасап, қауіп төндірді. Желіде тараған видеодан ер адамның жүргізушіні қауіпсіздік белдігімен қылқындырып, балағат сөздер айтып, қорқытқанын көруге болады. Оқиға көлік қозғалып тұрған кезде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Таксист бір қолымен қорғанып, бір қолымен көлік жүргізді
Жүргізуші шабуылдаушыны бір қолымен итеріп, екінші қолымен рөлді ұстап, жол қозғалысын жалғастыруға мәжбүр болды. Оның айтуынша, өміріне нақты қауіп төнген сәтте, назар аударту үшін қарсы жолаққа шығып, әдейі Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығысқан.


Оқиға орнында, жол жиегінде жүргізуші көліктен түсіп, Cobalt көлігінің жүргізушісінен көмек сұраған. Ол азамат көмек қолын созып, таксисті шабуылдаушыдан құтқарып қалды.


Таксистің айтуынша, жолаушының бұл әрекеті тек өзіне емес, жолдағы басқа жүргізушілерге де нақты қауіп төндірген. Абырой болғанда, оқиға үлкен апатқа ұласпады.

Астананың Есіл ауданы полиция басқармасының баспасөз қызметі жағдайға байланысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары такси жүргізушісіне ресми түрде шағым түсіруді ұсынды.

«Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасына (мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 9) жазбаша арызбен жүгінуді немесе электронды e-Otinish порталы арқылы өтініш беруді ұсынамыз», – делінген ресми хабарламада.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу