Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы базарда қауіпті ет сатылған

Қоғам
Астанадағы базарда қауіпті ет сатылған
Фото: видеодан кадр

Астанадағы “Әлем” базарында қажетті ветеринариялық құжаттары жоқ, жалған мөр басылған қауіпті ет сатылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, 41 жастағы ер адам сатушыларға заңды айналып өтуге көмектескен. Ол сатушылардан ақша алып, етке жалған мөр басып беріп отырған. Осылайша ет өнімдері уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және ветеринариялық құжаттарынсыз сатылған. Ал еттің қайдан келгені белгісіз.

Полиция жалған мөрді тәркілеп, “жалған құжаттарды, штамптар мен мөрлерді қолдан жасау және өткізу фактісі” бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ “Әлем” базарының әкімшілігіне бұдан кейін мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін шара қабылдау туралы ескерту жасалды.

“Полиция тұрғындарға ет өнімдерін сатып алғанда ветеринариялық құжаттарды мұқият тексеру өте маңызды екенін ескертеді. Егер өнімнің жеткізілуінің заңдылығына күмән туса, дереу 102 нөміріне хабарлау қажет”, – делінген хабарламада. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу